Қазақ тілім - тірегім! » ГККП Ясли сад № 53
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№53 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 398-75-11
Телефон методиста:
+7(727) 398-75-10
Версия
для слабовидящих
» » Қазақ тілім - тірегім!
27
март
2019

Қазақ тілім - тірегім!

Қазақ тілім – тірегім !

«Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде». 

Нұрсұлтан Назарбаев 

Қазіргі заман талабы: ел болашағы-жас ұрпақты  мектепке дейінгі мекемеден бастап ана тіліне оқыту, Отанын, туған жерін, елін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, салт-дәстүрлерді қастерлейтін, бойында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, қоғам мүддесіне сай жан-жақты жетілген, парасатты азаматты тәрбиелеу.

Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Әсіресе, өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету-күрделі жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балаларға тілді әртүрлі әдістермен үйрету тиімді. Балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп, араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі   балалар көрген білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді.Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек.Өзге  ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.Баланың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1.Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын   меңгерту.

2. Балалардың тыңдау   зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

3.Балалардың сөздік қорын молайтып,оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

4.Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

5.Балалардың ойын дамыту,   дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын   қалыптастыру.

Балаларды   қазақ  тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, 

сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.

   Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөліп, өз үлесімізді қосып, болашағымзға білімді ұрпақ тәрбиелейік.Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

Похожие публикации: